Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2026 жылы 5 маусымда сағат 11:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады. 

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі: 

  1. Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы.
  2. «Астана қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 352/47-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасын мақұлдау туралы» Астанa қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы    № 106/14-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
  4. «Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқару шешімі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 265/34-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  6. «Астана қаласында 2030 жылға дейін тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 356/47-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. Астана қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы.
  8. Астана қаласының Терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы. 

Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.