Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы мәслихатының сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы хабарламасы

Астана қаласының мәслихаты (бұдан әрі – Мәслихат), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабын  басшылыққа ала отырып, жаңа учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің, сондай-ақ шығып қалғандардың орнына Астана қаласының сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімінің қалған кезеңіне сайланғаны туралы хабарлайды.

Мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамдарына өзгерістер енгізуге құқылы.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатураны ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға да құқылы.

Егер мәслихат белгілеген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар түспесе, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылып жатқан сайлау комиссияларына қарағанда жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 25 мамырдан бастап 8 маусымға дейінгі кезеңде мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы.

Сайлау комиссияларына кандидаттарға арналған ақпараттық нысандар және сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштер Мәслихаттың maslihat01.kz веб-сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесі болуға ұсынылған адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға білім деңгейіне, еңбек өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссиялары мүшелерін қашықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білу бойынша тестілеуден өткенін растайтын сертификаты болуы қажет.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-анасы, балалары, асырап алушылар (асырап алғандар), асырап алынғандар, туыс және бөлек туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындалған күні, орындаушы туралы белгі, оның тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау 2026 жылғы 25 мамырдан бастап 8 маусымға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жүзеге асырылады.

Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік кө/сі, 11, 213 кабинет,  тел.: (8-7172) 55-66-36.

Мәслихаттың орналасқан жері: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11. +7 (7172) 55-66-36, maslihat01.kz.

Астана қаласының учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ақпарат

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 5.1