Астана қаласының білім беру ортасын дамыту
Қалалық мәслихатта Асқар Смағұловтың төрағалығымен «Орындармен қамтамасыз етілуін, қолжетімділігі мен қауіпсіздігін ескере отырып, Астана қаласының білім беру ортасындамыту туралы» тақырыбында әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Комиссия төрағасы отырысты аша отырып, депутаттардың іс-шара қарсаңында бірқатар білім беру нысандарында болғанын атап өтті.
Отырыс аясында қаланың білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер қарастырылды. Баяндамашылардың әрқайсысы білім беру саласындағы негізгі міндеттерді шешу бойынша талдамалық ақпаратты, проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды көрсетті.
Білім басқармасының басшысы мектептердің, балабақшалардың құрылысы, мектептерге жыл сайынғы қажеттілік, қосымша және инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәліметтерді ұсынды. Талқылаудың басты мәселелерінің бірі білім беру ұйымдарындағы оқушылардың орындармен қамтамасыз етілуі болды, бұл білім берудің сапасы мен тең қолжетімділігіне, сондай-ақ, мектептегі тамақтану мәселелеріне тікелей әсер етеді.
Құрылыс басқармасы басшысының баяндамасында алдыңғы және ағымдағы кезеңге арналған жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат айтылды. Ол, сондай-ақ,«Жайлы мектеп»ұлттық жобасының мектеп орындарының тапшылығын жоюдың, инфрақұрылымды жаңғыртудың және қоршаған орта сапасын арттырудың негізгі тетіктерінің бірі ретіндегі рөлін атап өтті.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілінің баяндамасында сапалы білім берудің қолжетімділігі санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен толықтырылатыны атап өтілді: оқу үй-жайларының жай-күйін тұрақты тексеру, гигиеналық нормаларды сақтау, тамақтану сапасын және балалардың білім беру ұйымдарында болу жағдайларын бақылау.
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі білім беру мекемелеріндегі осындай жағдайлардың алдын алу, құлақтандыру жүйелерін енгізу, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Ғимараттарды салу мен пайдалануға қойылатын талаптар, объектілерді қазіргі заманғы қауіпсіздік стандарттарының бөлігі болып табылатын бейнебақылау және қол жеткізуді бақылау жүйелерімен жарақтандыру жеке талқыланды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың баяндамасында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, тамақтану сапасының мониторингі, тұрақты профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және балалардың білім беру ортасында болу жағдайлары туралы ақпарат қамтылды.
Білім беру саласындағы сапаны бақылауды қамтамасыз ету департаментінің басшысы департамент жұмысының маңызды элементі білім беру бағдарламаларындағы проблемалық аймақтарды анықтауға және оқу жағдайларын жақсарту бойынша негізделген ұсыныстар дайындауға мүмкіндік беретін білім беру процестерінің мониторингі болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте, сөз сөйлеуші атап өткендей, тек ресми бақылауға ғана емес, білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мен тиімділігін бағалауға баса назар аударылады.
Талқылау барысында депутаттар білім беру ортасын дамытуға кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтіп, жұмыс істеп тұрған мектептерге жаңа мектептер мен толықтырулар салу мерзімдерін бақылауды күшейту, білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруды жалғастыру, объектілердің санитарлық жай-күйі мен мектептегі тамақтану сапасына жүйелі мониторинг жүргізу бойынша бірқатар нақты ұсыныстар айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша, білім беру ортасын дамыту мәселесінің стратегиялық маңызды болып қала беретіні және одан әрі қарастыруды талап ететіні атап өтілді. Көші-қон процестерінің динамикасын, халықтың өсуін және білім беру қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды ескере отырып, бұл бағыт барлық бейінді құрылымдардың іс-әрекеттерін тұрақты мониторингілеуді және үйлестіруді қажет етеді.