Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2026  жылдың 19 маусымда сағат 15.00-де қалалық мәслихатының  мәжіліс залында (220 каб.)  Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. 

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселе және нормативтік құқықтық  акт  жобаларын  енгізіледі: 

  1. Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың, жасөспірімдер арасындағы деструктивті ортаның және өзге де әлеуметтік қатерлердің алдын алу туралы.
  2. Астана қаласы кейбір аудандарының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы.
  3. Астана қаласы әкімдігінің және Астана қаласы мәслихатының
    кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
  4. «Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
  5. «Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №373/48-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  6. «Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауға бағытталып жөнделуге тиіс көппәтерлі тұрғын үйлердін тізбесін бекіту туралы».
  7. Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауға бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы. 

Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79

Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов