Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2026 жылы 19 наурыз сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезекті сессиясы шақырылады. 

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

1. Елорданың тұрғын алаптарын дамыту мәселелері мен келешегі туралы (сумен жабдықтау, кәріз, көлік инфрақұрылымы).

2. Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.

3. Қалалық мәслихат сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.

4. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

5. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін басқа да мәселелер.

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.