Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2026 жылы 27 ақпанда сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. «Астана қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 352/47-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  3. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы туралы.
  4. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 53/5-VIII «Астана қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның құрамы туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  5. «Астана қаласының сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жөніндегі Астана қаласы мәслихатының уақытша комиссиясын құру туралы» Астана қаласы мәслихатынының 2023 жылғы 12 сәуірдегі №21/2-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы  
Т. Зейнұлқабден

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.