Астана қаласы халқының назарына!
Құрметті елорда тұрғындары!
Астана қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде «Астана кәсіпкерлігі» кәсіпкерлікті дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» шеңберінде елордаға шетелдік және отандық инвестицияларды мақсатты түрде тарту арқылы елорданың қолайлы инвестициялық және бизнес-ахуалын жақсарту» тақырыбы бойынша кезекті сессия өткізу жоспарланды.
Күн тәртібі бойынша сіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды astana@maslihat01.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз. Байланыс телефондары: 55-66-37, 55-66-31.