2025 жылғы 22 мамырда сағат 16:00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
16.05.2025
Елорда тұрғындарының назарына!
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
Күн тәртібі:
Астана қаласының мемлекеттік архивін дамыту және жаңғырту: басым бағыттар мен міндеттер. Әлеуметтік-коммуникативтік кеңістіктегі мемлекеттік тілдің беделін арттыру (туризм, бос уақыт, жаңа технологиялар, әлеуметтік жарнама және т. б.)
Баяндаушы:
Сәкен Зиябекұлы Есіркеп – «Астана қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысы.
Отырыс 2025 жылғы 22 мамырда сағат 16.00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).
Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz.