Нұр-Сұлтан қаласы халқының назарына!
10.08.2022
2022 жылдың 11 тамызында сағат 16.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №114/16-VII «Нұр-Сұлтан қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы.
- «Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы маслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы маслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы.
- «Соттың шешімі бойынша Астана қаласының коммуналдық меншігіне түскен иесіз қалдықтарды басқару қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 281/34-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 205-594 қаулысының күші жойылды деп тану туралы.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-28.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық
кеңесінің төрағасының орынбасары
З. Шибкенов