Астана қаласы мәслихатының 2026 жылдың I-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
Бекітемін
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден ____________
2025 жылдың «22» желтоқсан
Астана қаласы мәслихатының 2026 жылдың I-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Мәселенің атауы |
Қарау мерзімдері |
|
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер |
||
|
1. |
- Елорданың тұрғын алаптарын дамыту мәселелері мен келешегі туралы (сумен жабдықтау, кәріз, көлік инфрақұрылымы); - Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
19-20 наурыз |
|
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
|
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
2. |
Ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың (ММ, МКҚК, МКК, АҚ, ЖШС) қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және иесіз желілер мен объектілерді қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды қабылдау туралы. |
21 қаңтар |
|
Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
3. |
Қоғамдық кеңістіктерді (скверлер, саябақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары) салу, жөндеу және қайта құрылымдау, аулаішілік аумақтарды абаттандыру және сыртқы жарықтандыру жөніндегі жоспарлар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. |
28 қаңтар |
|
Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
4. |
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою практикасы және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету туралы (құнын қалыптастыру тәртібі, жерді алып қою жоспарының болуы және іске асырылуы, басымдылық критерийлері). |
4 ақпан |
|
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
5. |
Орындармен қамтамасыз етілуін, білім беру ортасының қолжетімділігі мен қауіпсіздігін ескере отырып, Астана қаласының білім беру инфрақұрылымын дамыту туралы. |
11 ақпан |
|
III. Тақырып бойынша көпшіліктік тыңдаулар: |
||
|
6. |
Астана қаласының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметі және халықты қаланың мемлекеттік органдары мен қызметтерінің жұмысы туралы ақпараттандырудың тиімділігі туралы |
18 ақпан |
|
IV. Депутат күні |
||
|
7. |
Астана қаласында балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінің жай-күйі мен тиімділігі туралы. |
5 наурыз |
Астана қаласы мәслихаты
аппаратының басшысы
Б.Ахметжанова