Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы мәслихаты сегізінші сайланымының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары

Астана қаласы мәслихатының
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 364/47-VIII
шешімімен бекітілген 

Астана қаласы мәслихаты сегізінші сайланымының 2026 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ 


р/р

Сұрақтың атауы

Қарау мерзімі

I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер:

1.      

- Елорданың тұрғын алаптарын дамыту мәселелері мен келешегі туралы (сумен жабдықтау, кәріз, көлік инфрақұрылымы);

- Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

I тоқсан

2.      

- Астана қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын пайдаланудың стратегиялық жоспарлануы мен тиімділігі туралы жергілікті атқарушы органның есебі;

- Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;

II тоқсан

3.      

- Өткен жыл бойынша әлеуметтік-мәдени даму саласындағы мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды іске асыру және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы; 

-  Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

III тоқсан

4.      

- Астана қаласының 2027-2029 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы;

 - Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;

- Астана қаласы мәслихаты төрағасының 2026 жыл бойынша атқарылған жұмыс туралы есебі.

IV тоқсан

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы

5.      

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою практикасы және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету туралы (құнын қалыптастыру тәртібі, жерді алып қою жоспарының болуы және іске асырылуы, басымдылық критерийлері).

I тоқсан

6.      

Астана қаласында нашақорлықтың алдын алу, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін бағалау және ведомствоаралық өзара іс-әрекет жөніндегі шаралар туралы

II тоқсан

7.      

Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметі, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және ведомствоаралық өзара әрекет туралы.

III тоқсан

8.      

Астана қаласы Дін істері басқармасының конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі қызметі туралы.

IV тоқсан

Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы

9.      

Қоғамдық кеңістіктерді (скверлер, саябақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары) салу, жөндеу және қайта құрылымдау, аулаішілік аумақтарды абаттандыру және сыртқы жарықтандыру жөніндегі жоспарлар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

I тоқсан

10.  

Жасыл желектерді күтіп-ұстау сапасы, оларды есепке алу, өтемдік ағаш отырғызу және «Сәндік ағаш-бұта питомнигі» жобасын іске асыру туралы.

II тоқсан

11.  

Көлік ағындарын басқару мәселелері, құқық бұзушылықтарды тіркеу жүйесін ұйымдастыру, жол жамылғысын салу мен жөндеу сапасы, сондай-ақ автотұрақ орындарын ұйымдастыру туралы. 

III тоқсан

12.  

Жаңадан іске қосылатын спорт және білім беру объектілерін салу және жабдықтау сапасы туралы; тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, әлеуметтік объектілермен қамтамасыз етілуін талдау. 

IV тоқсан

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясы

13.  

Ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың (ММ, МКҚК, МКК, АҚ, ЖШС) қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және иесіз желілер мен объектілерді қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды қабылдау туралы.

I тоқсан

14.  

«Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқару үшін шешім» МЖӘ жобасын іске асыру туралы.

II тоқсан

15.  

Астана қаласы аудандары әкімдерінің жарықтандыруға және сәндік жарықтандыруға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы есебі.  

III тоқсан

16.  

Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыруды қоса алғанда, Астана қаласының сауда-саттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.

IV тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы

17.  

Орындармен қамтамасыз етілуін, білім беру ортасының қолжетімділігі мен қауіпсіздігін ескере отырып, Астана қаласының білім беру инфрақұрылымын дамыту туралы.

I тоқсан

18.  

Кедергісіз қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және инклюзивті орта құруға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы.

II тоқсан

19.  

Елорданың мәдени нысандарын туристік және қоғамдық орталықтар ретінде ілеспе инфрақұрылымды жақсарту әрі туристік тартымдылықты арттыру арқылы дамыту туралы.

III тоқсан

20.  

Спорттық нәтижелерді болжау, жаттығу процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру, халықтың іс-шараларға қатысуын талдау үшін Астана қаласының мәдениет және спорт саласында жасанды интеллект технологияларын енгізу туралы.

IV тоқсан

III. Келесі тақырыптар бойынша көпшілік  тыңдаулар:

21.  

Астана қаласының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметі және халықты қаланың мемлекеттік органдары мен қызметтерінің жұмысы туралы ақпараттандырудың тиімділігі туралы

I тоқсан

22.  

Нүктелік құрылыс мәселелері, Бас жоспар мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын сақтау туралы.

II тоқсан

23.  

Туристік саланың қызметін үйлестіру және келу туризмін дамыту туралы.

III тоқсан

24.  

Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыру нәтижелері, оның тиімділігі, балалар мен жасөспірімдерді қамту туралы.

IV тоқсан

IV. Депутат күні

25.  

Астана қаласында балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінің жай-күйі мен тиімділігі туралы.

I тоқсан

26.  

Астана қаласы Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметі туралы.

II тоқсан

27.  

Құрылыс қалдықтарын кәдеге жаратуды бақылау және қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесін ұйымдастыру туралы.

III тоқсан

28.  

Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерін дамыту және оларды «Электрондық үкімет» инфрақұрылымымен интеграциялау туралы. 

IV тоқсан