Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Елордалық мәслихат депутаттары елорда тұрғындарымен есептік кездесулерді аяқтады

Астанада елордалық мәслихат депутаттарының сайлау округтерінің тұрғындарымен дәстүрлі есеп беру кездесулері аяқталды.

Іс-шара Политехникалық колледж ғимаратында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қойып, мәселелерді айта алған ашық диалог форматында өтті.

«Сарыарқа» ауданының әкімі Жанасыл Шәукентаев есеп беру кездесуін ашып, аудандық қызметтердің атқарған жұмыстары туралы қысқаша мәлімет беріп, ауданның дамуындағы ағымдағы міндеттер мен басымдықтарды белгіледі.

Қалалық мәслихаттың қызметі туралы есеппен мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден сөз сөйлеп, жұмыстың негізгі бағыттары, қабылданған шешімдер, тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралған түйінді мәселелер, сондай-ақ, депутаттардың жұмыс топтары мен әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысуы, сайлаушылармен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін көшпелі отырыстар туралы айтты. Ол тұрғындардың әл-ауқаты: қалалық инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, білім беру, денсаулық сақтау, аумақтарды абаттандыру және халықтың қауіпсіздігі саласындағы қызметтердің сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Өз кезегінде №17 сайлау округінің депутаты Жандос Рахмет тұрғындармен жеке кездесулердің, өтініштерге жедел ден қоюдың және абаттандыру, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеттің маңыздылығын атап өтіп, өз жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Ол белсенді ұстанымдарының арқасында проблемалық мәселелердің едәуір бөлігін шешуге ат салысқан сайлаушыларға алғысын білдірді.

Кездесу соңында азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстарының ашық блогы өтті, оның барысында жолдарды жөндеу, ТКШ жұмысы, жарықтандыру, қауіпсіздік, зейнеткерлер мен жастарды қолдау мәселелері талқыланды.

Кездесуді қорытындылай келе, Астана мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден есепті науқанның аяқталуы атқарылған жұмыстың қортындысын шығаратынын, бірақ халықпен сындарлы диалог аяқталмайтынын атап өтті.

Депутаттар сайлаушылардың мүдделерін тиімді білдіру және олардың проблемаларын шешу үшін қажетті ынтымақтастыққа дайын.