Астана қаласы мәслихатының депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру бойынша өз көзқарастарымен бөлісті
08.09.2025
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы барлық деңгейдегі билік органдары үшін, оның ішінде жергілікті өкілді органдар үшін де маңызды бағдар болды. Онда айқындалған басымдықтар – экономиканы нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы жаңғырту және өңірлерді дамыту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспары болып табылады.
Астана қаласы мәслихатының депутаттары Жолдау ережелерімен мұқият танысып, Президенттің стратегиялық көзқарасын толық қолдайды. Олар әрбір бағыттың жергілікті деңгейде нақты жұмыс жүргізуді, жұмылуды және жауапкершілікті талап ететінін атап өтеді.
Бұдан әрі Астана қаласы мәслихаты депутаттарының пікірлері берілген – олардың бастамалардың маңыздылығына берген бағасы, сондай-ақ Жолдау міндеттерін астана деңгейінде іс жүзінде іске асыруға дайындықтары көрсетілген.