Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүргізу мәселесі бойынша кезекті сессия
27.06.2025
Табиғат Зейнұлқабденнің төрағалығымен елордада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кезекті сессия өтті.
Сессияның негізгі мәселесі бойынша қалалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев сөз сөйледі. Сессияға дайындық аясында депутаттар полиция департаментінің бірқатар бөлімшелерінде болып, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді қозғады.
Сессияда талқылау барысында депутаттар құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, бөлімшелердің материалдық-техникалық жағдайына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Қарау қорытындысы бойынша құқықтық тәртіпті қорғау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, сессияда заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі тыңдалды.
Депутаттар, сондай-ақ, атаусыз көшелердің біріне атау беру туралы шешім қабылдады, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті мемлекет қажеттілігі үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығару туралы шарттардың жобалары келісілді.