Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы сегізінші сайланым мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары

Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы  14 желтоқсан
124/15-VIII
шешімімен бекітілген

Астана қаласы сегізінші сайланым мәслихатының
2024 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ



Мәселе атауы

Қарау мерзімі

 

I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер

1.      

 - Елордада мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыру барысы туралы;

- Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

I тоқсан

 

2.      

- Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі есебі;

- Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

II тоқсан

 

3.      

- Астана қаласында саябақтар мен скверлерді кешенді көгалдандыру, абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

- Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

III тоқсан

 

4.      

- Жастар саясатын жетілдіру, жастарды түрлі орталықтардың, бірлестіктердің, қоғамдастықтар мен қорлардың қызметіне белсенді тарту арқылы іске асырылатын жастар бағдарламаларының тиімділігін арттыру туралы;

- Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы;

- Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;

- Астана қаласы мәслихаты төрағасының 2023 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі.

IV тоқсан

 

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

5.      

Астана қаласындағы көші-қон процестерінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары.

I тоқсан

 

6.      

Діни ахуалдың жай-күйі және қалада жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани білім беру ұйымдарының, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған пансионаттардың қызметін талдау туралы.

II тоқсан

 

7.      

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жүргізіліп жатқан шаралар туралы.  

III тоқсан

 

8.      

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.

IV тоқсан

 

Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

9.      

Астана қаласында қоғамдық көлік жұмысының сапасын арттыру туралы.

    I тоқсан

 

10.  

Астана қаласында, оның ішінде тұрғын алаптарында жолдар салу және жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

II тоқсан

 

11.  

Елорданың тұрғын үй қорын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен тетіктері туралы

III тоқсан

 

12.  

Астана қаласының Бас жоспарын, Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын, Инфрақұрылымдық даму жоспарын іске асыру барысы, жер учаскелерін беру тетіктері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы.    

IV тоқсан

 

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

13.  

Коммуналдық мүліктің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру.

    I тоқсан

 

14.  

«Астана» ӘКК» АҚ, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту қалалық орталығы» ЖШС инвестициялық жобаларын бағалау көрсеткіштері туралы.

II тоқсан

 

15.  

Елорданың №№1,2 Индустриялық парктерінің инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге бағытталған ақша қаражатының жұмсалуының тиімділігі.

III тоқсан

 

16.  

Қаланы абаттандыруды дамыту саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы.

IV тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

17.  

Білім беру саласында сұранысқа ие кадрларды даярлау қажеттілігін зерделеу үшін еңбек нарығын талдау. Білім беру қызметтері нарығын дамыту перспективалары.

    I тоқсан

 

18.  

Мәдени кластерлер арқылы білім мен мәдени сауаттылықты дамыту. Мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу. Елорда брендбугін құру.

II тоқсан

 

19.  

«Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-нің қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдануды дәріптеу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы.

III тоқсан

 

20.  

Мәдениет және спорт салаларын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы.

IV тоқсан

 

III. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыптары:

21.  

Астана қаласының тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары, iQala, iKOMEK109).

I тоқсан

 

22.  

Астана қаласында балалар лагерлері мен балалар демалысын дамыту.

II тоқсан

 

23.  

Астана қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы өзекті мәселелер, оларды шешудің ықтимал жолдары.

III тоқсан

 

24.  

Астана қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету.

IV тоқсан

 

IV. Депутат күні

25.  

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы.

I тоқсан

 

26.  

Елорданы отын-энергетикалық қамтамасыз ету.

II тоқсан

 

27.  

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары туралы.

III тоқсан