Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылдың IІ-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары

Бекітемін
Астана  қаласы
мәслихатының т
өрағасы
Е. Каналимов ____________
2023 жылдың «3» сәуір 

Астана қаласы мәслихатының
2023 жылдың IІ-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ

р/с

Мәселенің атауы

Қарау мерзімдері

I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер

1.

Астана қаласының тұрғындарына көліктік қызмет көрсету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру туралы

29-30 маусым

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

2.

Астана қаласын жылумен жабдықтауды дамыту перспективасы (ЖЭО-3, жылу желілерін дамыту, газ отынымен кварталдық қазандықтар салу, газдандыру бағдарламасын іске асыру туралы есеп)

18 сәуір

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

3.

Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, есепке алудың барлық түрлерінде  тұратын  кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды өткізу туралы.

19 сәуір

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік

 мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

4.

Астана қаласында арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың экономикалық әсері мен перспективалары

21 сәуір

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

5.

Балабақшаларды 2023 жылға тамақтандыру бойынша субсидиялау

26 сәуір

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік

 мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

6.

«Astana» ӘКК АҚ және оның еншілес ұйымдары жұмысының тиімділігі

28 сәуір

Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

7.

Қаланың шеткі аймақтары мен тұрғын алаптарының жол инфрақұрылымын дамыту

11 мамыр

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

8.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және елордалық дәріханалар арқылы қатты әсер ететін дәрілердің таралу фактілері туралы.

12 мамыр

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

9.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Мұнайтпасов атындағы стадион, «Қазақстан» спорт сарайы құрылысының барысы туралы

18 мамыр

III. Тақырып бойынша көпшіліктік тыңдаулар:

10.

«Қолжетімді және жайлы қоғамдық дәретханалар - елорданың мәдени бет-бейнесі» бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

2 маусым

11.

Астана қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру нәтижелері

16 маусым

Астана қаласы мәслихаты
аппаратының басшысы Б.Ахметжанова