Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылдың IIІ-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары

Бекітемін
Астана  қаласы
мәслихатының т
өрағасы
Е. Каналимов ____________
2023 жылдың «30» маусым

Астана қаласы мәслихатының
2023 жылдың IІI-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ

 

р/с

Мәселенің атауы

Қарау мерзімдері

I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер

1.

Астана қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жүйелі шараларды қолдану туралы

29-30 қыркүйек

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

2.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар  арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлеріне тартылған және қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шаралар қолданылған тұлғалар  арасында қылмыстардың қайталануының алдын алу туралы. Осы тұлғаларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

8 тамыз

Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

3.

Жол кептелісі (автомобиль кептелісі) мәселесін шешу туралы. Астана LRT жобасын іске асыру перспективасы

10 тамыз

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

4.

Мүгедектігі бар тұлғалармен жұмыс жөніндегі ұйымдар қызметінің сапасын бағалау рейтингін енгізу

16 тамыз

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

5.

Астана қаласында қоғамдық көлік пен такси жұмысын субсидиялау және тиімділігі

23 тамыз

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

6.

«Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысы туралы

7 қыркүйек

III. Тақырып бойынша көпшіліктік тыңдаулар:

7.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды іске асыру

14 қыркүйек

                         IV. Депутат күні

8.

Қалалық инфрақұрылымды және тұрғын үй құрылысын дамытудың перспективалық жоспары (2030 жылға дейін сумен жабдықтау желілері мен шаруашылық-тұрмыстық және жаңбыр сарқынды суларының кәріз желілерін дамыту жоспарлары. Ескі тұрғын үйлерді бұзу. Жатақханаларды жаңарту бағдарламасы, жалға берілетін тұрғын үй)

 21 қыркүйек

Астана қаласы мәслихаты
аппаратының басшысы  Б.Ахметжанова