Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылдың IІI-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары

Бекітемін
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы
Е. Каналимов __________
2022 жылдың «_______»

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылдың IІI-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ

№ р/с

Мәселенің атауы

Қарау мерзімдері

I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер

1.

Құқық қорғау органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының жай-күйі туралы.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

 

29-30 қыркүйек 

 

 

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

2.

Жергілікті атқарушы органның Нұр-Сұлтан қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру бойынша жүргізген жұмысы туралы.

12  шілде

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

3.

Қала әкімдігінің Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының жұмысы туралы.

19 шілде

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

4.

Атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жұмысы туралы.

3 тамыз

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

5.

Мүгедектерді оңалту орталықтарының жұмыс сапасын бағалаудың электрондық рейтингін енгізу.

23 тамыз

III. Тақырыптар бойынша көпшіліктік тыңдаулар:

6.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру.

15-16 қыркүйек

Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты  аппаратының
басшысы Б.Ахметжанова