Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары

Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2021 жылғы  15 желтоқсандағы
№ 118/16-VII шешімімен
бекітілді

Нұрұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының 2022 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ

Реттік

Мәселенің атауы

Қарау мерзімдері

I. Мәслихат сессиясының қарауына енгізілетін мәселелер:

1.

Нұр-Сұлтан қаласының балаларына жедел және шұғыл көмек көрсету қызметінің жағдайы туралы

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

I тоқсан

2.

Нұр-Сұлтан қаласы  бюджетінің 2021 жылға атқарылуы туралы

Жергілікті атқарушы органның Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі және  дамуы  жөніндегі шаралар туралы есебі

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

II тоқсан

3.

Құқық қорғау органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының жай-күйі туралы

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

III тоқсан

4.

Нұр-Сұлтан қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

IV тоқсан

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

5.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы

I тоқсан

6.

Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың жай-күйі туралы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ көрсететін қызметтердің сапасы туралы

II тоқсан

 

7.

Қала әкімдігінің Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының жұмысы туралы

III тоқсан

8.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі 83/12-VII «Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы» шешімінің орындалу барысы туралы

IV тоқсан

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

9.

Жаңа объектілер салуға және жұмыс істеп тұрған объектілердің нысаналы мақсатын өзгертуге жер учаскелерін бөлу/пайдалану кезінде объектілердің санитарлық-қорғаныш аймақтарын белгілеуді реттейтін құқықтық нормаларды сақтау туралы

I тоқсан

10.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын іске асыру барысы, инновациялық технологияларды енгізу перспективалары туралы

II тоқсан

11.

Жергілікті атқарушы органның Нұр-Сұлтан қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру бойынша жүргізген жұмысы туралы

III тоқсан

12.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы №527/71-VI  «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің орындалу барысы туралы

IV тоқсан

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

13.

«Astana» ӘКК» АҚ қызметін іске асыруға Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен бөлінетін ақша қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы.

I тоқсан

14.

«Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ сенімгерлік басқаруға берілген коммуналдық мүлікті пайдаланудың тиімділігі туралы.

II тоқсан

15.

Атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жұмысы туралы.

III тоқсан

16.

 Қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы.

IV тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

17.

Елорданың кітапхана қорын жаңғырту туралы

I тоқсан

18.

Елордада балалар - жасөспірімдер мектептерін дамыту перспективалары туралы

II тоқсан

19.

Мүгедектерді оңалту орталықтарының жұмыс сапасын бағалаудың электрондық рейтингін енгізу

III тоқсан

 

20.

Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің және тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолжетімділігі туралы

IV тоқсан

III. Көпшілік тыңдаулар:

21.

Нұр-Сұлтан қаласында халықты тасымалдауды ұйымдастыру бойынша  жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы

I тоқсан

22.

Денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуі кезінде заңдылықты сақтауы туралы

II тоқсан

23.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру

III тоқсан

24.

Әлеуметтік қызмет көрсету саласында ҮЕҰ дамыту перспективалары туралы

IV тоқсан

IV. Депутат күні

25.

Жергілікті атқарушы органның «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңын  іске асыру барысы туралы

Бірінші жартыжылдық

26.

0-18 жас аралығындағы балалар  шығармашылығын ваучерлік қолдау туралы

Екінші жартыжылдық