Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылдың ІI-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары

«БЕКІТЕМІН»
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы
Е. Каналимов __________
2021 жылдың «_______» наурыз 

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылдың ІI-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ 


р/с

Мәселенің атауы

Қарау мерзімдері

I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер

1.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы «Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асыру барысы туралы есебі» № 509/68-VI шешімін іске асыру туралы 2020 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінің атқарылуы туралы

 29-30 шілде

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау
мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

2.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті» ММ бөлімшесінің есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылы және елордада есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралар бойынша есірткіге қарсы күрес іс-шараларын өткізуі туралы

14 сәуір

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

3.

Техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін дуальды оқыту мен жұмыспен қамтуды дамыту және іске асыру туралы

16 сәуір

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік
мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

4.

Әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану туралы

28 сәуір

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

5.

Жергілікті атқарушы органның елордадағы автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы

12 мамыр

III. Тақырыптар бойынша көпшіліктік тыңдаулар:

6.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспарды іске асыру, инновациялық технологияларды ендіру перспективалары туралы

26 мамыр