Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 557/77-VI шешімімен бекітілген

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының 2021 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ


р/с

Мәселенің атауы

Қарау мерзімдері

I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер

1.

Нұр-Сұлтан қаласындағы отбасына тәрбиелеуге берілген (асырап алуға, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету

I тоқсан

2.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы «Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асыру барысы туралы есебі» № 509/68-VI шешімін іске асыру туралы 2020 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінің атқарылуы туралы

II тоқсан

3.

Жергілікті атқарушы органның Нұр-Сұлтан қаласында этносаралық және конфессияаралық келісім мен азаматтық қоғам институттарын дамыту саласында қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы

III тоқсан

4.

2022-2024 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінің жобасы туралы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Нұр-Сұлтан қаласының жетінші шақырылым мәслихатының 2022 жыл бойынша жұмыс жоспары туралы

IV тоқсан

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау
мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

5.

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 1 және 2020 жылғы 12 наурыздағы «Нұр-Сұлтан қаласында 2023 жылға дейін аула клубтарын дамыту тұжырымдамасының жобасы туралы» № 2 қаулыларының орындалу барысы туралы

I тоқсан

6.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті» ММ бөлімшесінің есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылы және елордада есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралар бойынша есірткіге қарсы күрес іс-шараларын өткізуі туралы

II тоқсан

7.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі «Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, елорда аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы» 535/73-VI шешімін іске асыру туралы»

III тоқсан

8.

Қалалық атқарушы органдардың халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша жұмысы туралы

IV тоқсан

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

9.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың тыс ашық кеңістікте, Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуден тыс) орналастыру қағидаларын іске асыру барысы туралы

I тоқсан

10.

Жергілікті атқарушы органның елордадағы автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы

II тоқсан

11.

Жергілікті атқарушы органның тұрғын үй, азаматтық және әлеуметтік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы

III тоқсан

12.

Құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы жергілікті атқарушы органның ведомстволық бағынысты құрылымдарының қызметіне тексеру жүргізу туралы

IV тоқсан

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік
мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

13.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясының елордада әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған 2020 жылғы дағдарысқа қарсы
іс-шараларды іске асыру жөніндегі бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы

I тоқсан

14.

Әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану туралы

II тоқсан

15.

Нұр-Сұлтан қаласында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы

III тоқсан

16.

Елордада кітапхана жүйесін дамытуға бағытталған қаржы қаражаттарды тиімді пайдалану жөніндегі шаралары туралы

IV тоқсан

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

17.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын құру мен іске асыру шеңберінде мәдени және спорттық нысындарды Нұр-Сұлтан қаласына берудің тиімділігі мен орындылығы туралы

I тоқсан

 

18.

Техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін дуальды оқыту мен жұмыспен қамтуды дамыту және іске асыру туралы

II тоқсан

 

19.

Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамытудың перспективалары

III тоқсан

 

20.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін және «Үйдегі дәрігер» жобасын іске асыру туралы»

IV тоқсан

III. Тақырыптар бойынша көпшіліктік тыңдаулар:

21.

Жергілікті атқарушы органның пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері арасында ортақ мүлікті күтіп-ұстау және сақталуын қамтамасыз ету үшін объектіні басқарудың кондоминиум нысанын таңдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

I тоқсан

22.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспарды іске асыру, инновациялық технологияларды ендіру перспективалары туралы

II тоқсан

23.

Педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету

III тоқсан

24.

Абаттандыруға, электрмен жабдықтау объектілерін, сондай-ақ инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау) көгалдандыруға және санитариялық тазартуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы

IV тоқсан

IV. Депутат күні

25.

Коронавирустық инфекция кезеңінде мектептерде білім беруды ұйымдастыру, проблемалары және шешу жолдары

Бірінші жартыжылдық

26.

«Нұр-Сұлтан қаласының Цифрлық және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру және оңтайландыру бойынша жұмысы туралы

Бірінші жартыжылдық