Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары

Нұр-Cұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы
12
 желтоқсандағы 468/58-VI
шешімімен бекітілген

Нұр-Cұлтан қаласы мәслихатының алтыншы шақырылымының 2020 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ

№№ р/б

Мәселенің атауы

Қарау мерзімдері

I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер

1.

- Нұр-Сұлтан қаласы мектептері оқушыларының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.

- қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

II тоқсан

2.

- Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жергілікті жобаларының іске асырылу барысы туралы есебі.

- 2019 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.

- қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

II тоқсан

3.

- Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, елордада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің атқарып жатқан жұмыстары туралы.

- Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі.

- қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

III тоқсан

4.

- Нұр-Сұлтан қаласынт Газдандыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы.

- 2021-2023 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджеті туралы.

- Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі

- қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

IV тоқсан

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Заңдылық, құқық тәртібі және  қоғаммен  жұмыс  жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

5.

2023 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында аула клубтарын дамыту Тұжырымдамасының жобасы туралы.

I тоқсан

6.

Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының астана аумағында көші-қон процестерін реттеу бойынша жұмысы туралы.

II тоқсан

7.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналдық полиция инспекторларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша жұмысы туралы.

III тоқсан

8.

"Нұр-Сұлтан қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жастарды шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы" 2019 жылғы 4 қазандағы қаулысының орындалу барысы туралы.

IV тоқсан

 Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

9.

Нұр-Сұлтан қаласындағы жолаушылар тасымалының жай-күйі және даму перспективалары туралы.

I тоқсан

10.

Нұр-Сұлтан қаласы аумағының Қала құрылысы регламентін іске асыру барысы туралы (Дизайн-код). 

II тоқсан

11.

Мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №448 / 62-V «Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және жою ережелері туралы» шешімін іске асыру туралы.

III тоқсан

12.

Нұр-Сұлтан қаласының сумен жабдықтау, су бұру және сарқынды суларды тазарту жүйелерінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету саласында атқарушы органның жүргізіп жатқан жұмысы туралы.  

IV тоқсан

Бюджет,  экономика, өнеркәсіп  және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

13.

Нұр-Сұлтан қаласын санитарлық тазалау мен абаттандыруды дамытуға бағытталған бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру туралы.

I тоқсан

14.

Салықтық әкімшілендіруді жақсарту және Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің кірістерін ұлғайту бойынша жұмыстар жөніндегі шаралар туралы.

I тоқсан

15.

 Жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайту үшін "Astana "ӘКК" АҚ-ға берілген акциялар пакеті мен қатысу үлестерін заңды тұлғалардың тиімді басқаруы туралы.

II  тоқсан

16.

Арнайы экономикалық аймақты, өнеркәсіпті және бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді, Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымын дамыту туралы.

III тоқсан

17.

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық мүлкін басқарудың тиімділігі туралы.

IV тоқсан

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

18.

Нұр-Сұлтан қаласында жаппай бос уақытын өткізу және дамыту туралы.

I тоқсан

19.

Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы медициналық-санитарлық және жедел медициналық көмек туралы.

II тоқсан

20.

Нұр-Сұлтан қаласында отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру туралы

II тоқсан

21.

Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету сапасы туралы.

III тоқсан

22.

2016-2020 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласын дамыту Бағдарламасын іске асыру туралы.   (Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау).

IV тоқсан

III. Келесі тақырыптағы көпшілік тындаулар:

22.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.

I тоқсан

23.

Нұр-Сұлтан қаласы  шеткі аймақтарының жағдайы мен болашақта дамуы туралы

II тоқсан

24.

Сауда, оның ішінде көтерме-бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, стационарлық және көшпелі сауда, базарлардың қызметі, қызмет көрсету және тұрмыстық қызмет көрсету саласы, меншік нысанына қарамастан және азық-түлікпен қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру туралы.

III тоқсан

 

25.

Нұр-Сұлтан қаласындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту шаралары туралы (аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетім балалар және басқалар).

IV тоқсан

 

IV. Депутат күні

26.

Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы.

Бірінші жартыжылдық

27.

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы» ММ-нің діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысы туралы.

Екінші жартыжылдық