Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы наурыз айынан бастап 2026 жылғы ақпан айына дейінгі кезеңдегі есебі

Астана қаласы мәслихатының
2026 жылғы 18 наурыздағы
51 сессиясында қаралды 

Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына «AMANAT», «АК ЖОЛ», «ҚХП» және «БАЙТАҚ» саяси партияларынан 9 депутат кіреді, сондай-ақ тұрақты комиссияда бір мандатты сайлау округтері бойынша депутаттар бар.

Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясымен есептік кезеңде 21 отырыс, 1 көпшілік алдындағы тыңдау, 1 Депутат күні және 23 көшпелі іс-шара өткізілді, 60 астам депутаттық сауалдар, мемлекеттік органдарға хаттар жолданды, азаматтардан 100 астам  өтініштер түсті және пысықталды.

Тұрақты комиссияның отырыстарында қаланың жұмыс істеуінің негізгі мәселелері: көлік пен жол инфрақұрылымын дамыту, көгалдандыру, экология, үлестік құрылыс, тұрғын үйлерді жөндеу, қаланы, оның ішінде тұрғын үй алаптарын абаттандыру, астананың сәулеттік келбеті қарастырылды.

Отырыстарға дайындық мақсатында тұрақты комиссия мүшелері есепті кезең ішінде елорданың түрлі нысандарын аралап қарады. 2025 жылдың басынан бері тұрақты комиссия депутаттары көшпелі кеңестер өткізді: жылу электр орталығы нысандары, автобустарға арналған тұрақ пен ангар құрылысы, елорданың негізгі қоғамдық кеңістіктерін қайта жаңарту, жол инфрақұрылымын салу және жөндеу, үлестік құрылыстың проблемалық нысандары, елордадағы қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын сұрыптау және қайта өңдеу кәсіпорындары және т.б. Көшпелі кездесулер барысында жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп қажеттіліктер мен қаржылық шығындарды нақтылау жүргізілді, бұл бюджеттік ұсыныстарды түзетуге мүмкіндік берді. Депутаттық корпус пен әкімдіктің бірлескен жұмысының нәтижесінде маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.

Көшпелі кездесулерді тұрақты өткізу және түйінді проблемалық мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру басқармалармен және аудан әкімдіктерімен өзара тығыз іс-қимылда елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен, «Астана қаласының еөлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ желісі бойынша қоғамдық көлік санын ұлғайтуға қол жеткізілді. Қаланың автопаркі соңғы жылдары екі есеге өсті және қазіргі кезде 1 749 бірлікті құрайды, сондай-ақ 2025 жылы 422 автобус сатып алынды.

Газ автобустары өз тиімділігін көрсетті және бұл бағыт одан әрі дамытуға жатады.

Мәслихат сессияларында субсидиялардың тұрақты бөлінуінің арқасында жеке автобус парктерінде тұрақты қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру және жаңа жылжымалы құрамды дербес сатып алу мүмкіндігі пайда болды. 2025 жылғы актілер бойынша субсидиялардың нақты көлемі 60 млрд теңгеден асқан.

2025 жылы 43 нысанда (жалпы ұзындығы 13 км) жол салу, ұзындығы 61 км 52 көшені орташа жөндеу, сондай-ақ 300 көшенің шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, 50 көшеге бағыттық жөндеу жұмыстары жүргізілді, жаңа тротуарлар, аялдама орындары, арбаға арналған ауыспа жолдар, тұрақ аймақтары және басқа да қалалық инфрақұрылым элементтері жасалды. Тұрғын үй алқаптарына айтарлықтай көңіл бөлінгенін атап өткен жөн.

Қаланың барлық тұрақ орындары коммуналдық меншікке берілді және қалалық қызметтердің бақылауында.

«Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшылығымен бірлесе депутаттық корпус жүйелі түрде проблемалық нысандарды аралап, үлескерлермен кездесулер өткізді. 2025 жылы алданған 16 мың үлескердің мәселесі шешілді, 150 проблемалық нысанның құрылысы аяқталды. 2023-2025 жылдары проблемалық көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің саны шамамен 90-нан 13-ке дейін қысқартылды. Құрылыс сапасын арттыру, заманауи технологияларды енгізу және қалалық ортаны абаттандыруға назар аударуды күшейту байқалады.

Елорданы жылумен және энергиямен жабдықтау мәселелері депутаттық корпустың тұрақты бақылауында. 2025 жылы жалпы қуаты 80 МВА болатын 110/20 кВ екі трансформатормен «Арай» қосалқы станциясының және ұзындығы 11,16 км кабельдік электр беру желісінің құрылысы аяқталды. Жобаны іске асыру 80 мыңға жуық тұрғындарды, сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен перспективалық құрылыс аудандарын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

ЖЭС-2 кеңейтуге дайындық және ЖЭС-3 екінші кезегін жобалау басталды. Техникалық-экономикалық негіздемеде көзделген елорданың барлық тұрғын үй алқаптары мен энергия көздерін газдандыру аяқталды. Энергетикалық қауіпсіздік пен газбен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін «газ шығыршығы» жобасы іске қосылды. ЖЭС-1 және ЖЭС-2 16 қазандығы газға ауыстырылды. Жиынтық қуаты 950 Гкал/сағ, «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары салынды. Қуаты сағатына 620 Гкал «Тельмана» газ жылу станциясының құрылысы жалғасуда.

«Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ өзара іс-қимыл аясында 2025 жылы тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. 1,03 млрд теңге сомасына 48 лифті орнатылды және ауыстырылды. 1,06 млрд теңге сомасына 23 көп пәтерлі тұрғын үй жаңғыртылды, оның ішінде 7 үй жергілікті бюджеттен, 16 - қайтарылған қаражат есебінен қаржыландырылды.

20 апатты үйдің (485 пәтер) тұрғындарын көшіру, сондай-ақ тағы 2 үйдің (302 пәтер) тұрғындарын бөлу жүзеге асырылды. Ағымдағы көрсеткіштерді ескере отырып, 2030 жылға дейінгі көшіру жоспары 178 үйді (4 214 пәтер) құрайды. 8 көп пәтерлі үйдің қасбеттерін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

«Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ өзара іс-қимыл жайлы және экологиялық қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. 2025 жылы ағаштарды кесуге 13 рұқсат берілді (750 бірлік), бұл ретте іс жүзінде 6 920 жасыл желек отырғызылды. 13 ұйымның үшеуі өтемдік отырғызу бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындамады.

5 жоба іске асырылды, 10 абаттандыру нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 325 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылып, 120 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Қоқыс шығару мониторингінің сандық жүйесін енгізу қызмет көрсету сапасын айтарлықтай арттыруға және шағымдар санын 99% төмендетуге мүмкіндік берді.

Құрылыс қалдықтарын есепке алудың ақпараттық жүйесінде 742 құрылыс нысаны және 105 бұзу нысаны тіркелген, 117 келісім жасалған, 5 мыңнан астам рейс тіркелген және 80 мың тоннадан астам құрылыс қоқысы шығарылған. 627 мыңнан астам тұрғынның қатысуымен 800 астам экологиялық іс-шара өткізілді.

Қазіргі заманғы биомелиорациялық технологияларды қолдана отырып, Есіл өзенін, Нұра-Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ арналарын және Кіші Талдыкөл жүйесін қоса алғанда, су нысандарын тазарту мен қалпына келтіруге ерекше назар аударылды.

«Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ  өзара іс-қимыл аясында 2025 жылы 31 жоба іске асырылып, оның ішінде 13 жоба пайдалануға берілді. Қалалық инфрақұрылымды дамытуды және жаңа тұрғын үй және өнеркәсіптік нысандарды қосуды қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және су бұру нысандары, кәріз коллекторлары, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстары салынды және реконструкцияланды.

Депутаттық корпус құрылыс нысандарына, жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімдеріне бақылауды тұрақты негізде жүзеге асырады.

«Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 7 950 орынды 11 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, тағы 1 584 орынды 2 нысан бойынша жұмыстар басталды, сондай-ақ 5 925 орынды 10 қосымша құрылысты аяқтау жоспарлануда.

Соңғы жылдары 109 мың оқушыларға арналған 44 мектеп (екі ауысымда) пайдалануға берілді, оның ішінде 23 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде болды. 2025 жылы 14 900 орынды 8 мектептің  (бір ауысымда) құрылысы аяқталды.

1544 орынды 6 студенттік жатақхана, сондай-ақ 21 медициналық нысан, соның ішінде Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы және емханалар жанындағы 19 филиал салынды. Соңғы үш жыл ішінде 11 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған.

2025 жылы «Нұра» ауданында көп қызметті кешеннің құрылысы аяқталды, 2026 жылы аяқталатын тағы екі нысанның құрылысы жалғасуда.

Астана қаласының Бас жоспарының жобасы кешенді қала құрылысы сараптамасынан өту сатысында. Оны іске асыру кешенді құрылыс салуды, инженерлік және көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ әлеуметтік саланы дамытуды ескере отырып, аумақтарды жүйелі дамытуды көздейді. 2035 жылға қарай 334 жалпы білім беретін мектеп салу жоспарлануда, бұл бұрын көзделген көрсеткіштен 37 мектепке артық.

Жалпы, депутаттық корпустың, тұрақты комиссияның, жергілікті атқарушы органдардың және қала тұрғындарының бірлесе атқарған жұмысы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге және елорданың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.