«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті
Отырысқа фракция депутаттары толық қатысты және арнайы шақырылған қонақтар ретінде Астана қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Ғайыпов Зұлфүхар Сұлтанұлы, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Болысбек Мұхаммед Әбдіәшімұлы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын талқылап, фракция депутаттарының ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар 2026 жылға арналған депутаттық фракцияның жұмыс жоспары қаралып, негізгі басым бағыттар айқындалып, жоспар бекітілді.
Отырыс қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер ел мүддесіне, қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және партиялық міндеттерді жүйелі іске асыруға бағытталды.