Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астанада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша нысандардың қоғамдық-партиялық мониторингі өтті.

Астанада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша нысандардың қоғамдық-партиялық мониторингі өтті.

«Нұр-Отан»  партиясының  «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлау алды бағдарламасының «Жұмыспен қамтуды және халықтың осал топтарын қолдау» бағыты бойынша Сараптамалық топтың көшпелі отырысы Бараев к., 5А мекенжайында орналасқан «Цесна банк» АҚ филиалы- № 86 «Бараева» СҚО және Сауран к. 14 мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенін аралап көрді.

Сараптамалық топтың жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Әбден Қарақат Жақсылыққызы сараптамалық топ мүшелерімен, «Нұр-Отан» партиясының АҚФ өкілдерімен бірге нысандардың мүмкіндігі шектеулі адамдардың пайдалануына сәйкестігін тексерді:

1. «Цесна банк» АҚ филиалы- № 86 «Бараева» СҚО банк филиалы аумағында:

- мүгедектерге арналған автотұрақ жоқ;

- ғимаратқа кіреберістегі пандус ҚНжЕ нормативтеріне сәйкес келмейді, тактильді жол және екінші жағынан тұтқасы жоқ;

- кіреберіс есіктің табалдырықтары биік;

- шақыру батырмасына қол тек пандусқа шыққаннан кейін ғана жетеді;

- бейімделген сыныптар жоқ;

- санитарлық-тұрмыстық бөлме нормаға сәйкес келмейді;

- зағип және көзі нашар көретін адамдарға арналған баспалдақтар жоғарыда және төменде, сонымен қатар, баспалдақтың бірінші және соңғы басқыштары айқын бедермен немесе қарама-қарсы түсті бояумен белгіленбеген.

2. Сауран к. 14 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде:

- подъезге кіреберісте бордюрының биіктігі 3 см көлбеу алаңқай бар (норма бойынша 2 см);

- кіреберіс есіктің табалдырығы биік;

- пандус ҚНжЕ нормативтеріне сәйкес келмейді, тактильді жол және екінші жағынан тұтқасы жоқ;

Барлық тексеру қорытындылары бойынша ескертулер мен нұсқаулар атқарушы биліктің сәйкес органдарына жіберіледі және бақылауға алынады.