Қарттар күніне орай жылы кездесу
Қарттар күніне орай, елордалық мәслихат депутаттары Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына барып, орталық келушілерін айтулы мерекемен құттықтады.
Кездесулер жылы әрі шынайы көңіл-күйде өтіп, аға буын өкілдерімен емен-жарқын әңгіме айтылды. Депутаттар ізгі тілектерін білдіріп, аға буынға деген құрметі мен ықыласын жеткізді.
Аға буынның артында — еселі еңбек, мол өмірлік тәжірибе, отбасына деген қамқорлық және елордамыздың дамуына қосқан үлесі бар. Олар ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа өздерінің білімі, даналығы мен өмірлік тәжірибесін аманат етіп келеді.
Кездесу барысында аға буын өкілдеріне зор денсаулық, амандық, бақ-береке, отбасылық жылулық пен жақындарының ықыласы тілінді. Әр күндерінің қуанышқа, құрметке және жағымды кездесулерге толы болуына тілектестік білдірілді.