Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Мәслихат шешімдерінің жобаларын қарау мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Мәслихат шешімдерінің жобаларын қарау мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы
Мәслихат шешімдерінің жобаларын қарау мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы
Мәслихат шешімдерінің жобаларын қарау мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы
Мәслихат шешімдерінің жобаларын қарау мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен мәслихат шешімдерінің жобаларын қарау мәселесі бойынша құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімнің жобасын ұсынды.

Басқарма басшысы атап өткендей, жобаның жекелеген ережелері қазіргі уақытта әділет органдарымен бірлесіп, қосымша пысықталады. Келісімдер аяқталғаннан кейін құжат депутаттарға қайта ұсынылады.

Депутаттар тұрғындар арасында абаттандыру қағидаларының нормаларын қолдануға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу және туындайтын барлық мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау қажеттігін атап өтті.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары «Астананың орман-саябақ аймағын басқару қағидаларын және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимін бекіту туралы» шешімнің жобасын ұсынды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін «Астана мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы негіз болып табылады.

Басқарма өкілінің айтуынша, жобаны қабылдау елорданың орман-саябақ аймағын сақтауды және одан әрі дамытуды, халықтың тұруы үшін қолайлы климатты қалыптастыруды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін молайтуды, халықтың табиғи ортада демалуы үшін жағдай жасауды, сондай-ақ орман-саябақ аймағының шекараларын тұрақтандыруды және сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта «Астана Орманы» ЖШС Астана маңындағы орман-саябақ аймағын күтіп-ұстаумен, қорғаумен және дамытумен, сондай-ақ елорда тұрғындары үшін қолайлы экологиялық жағдайлар мен демалыс аймақтарын құрумен айналысады.

Депутаттар жаяу жүргіншілер жолдарын одан әрі абаттандыру қажеттігіне назар аударды.

Жасыл желектерді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Депутаттар бұған дейін мердігерлермен «Сарыарқа» ауданында жасыл аймақты цифрландыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша презентация дайындау және болашақта осы тәжірибені елорданың басқа да белсенді дамып келе жатқан аудандарында пайдалану ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар осы аптаның соңында жасыл желектерді түгендеу және оларды одан әрі цифрландыру мәселесін талқылауды ұсынды.