Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Әлеуметтік нысандарға бару

Әлеуметтік нысандарға бару
Әлеуметтік нысандарға бару
Әлеуметтік нысандарға бару
Әлеуметтік нысандарға бару
Әлеуметтік нысандарға бару
Әлеуметтік нысандарға бару
Әлеуметтік нысандарға бару

Мемлекеттік және жергілікті бағдарламалардың әлеуметтік-мәдени даму саласында іске асырылу мәселелері бойынша алдағы сессияға дайындық аясында елорда мәслихаты депутаттарының нысандарға жұмыс сапарлары жалғасуда.

Кезекті сапар барысында депутаттар әлеуметтік инфрақұрылымның екі нысанын — «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабындағы жаңа Оқушылар сарайы мен «Өнеркәсіп» тұрғын алабындағы «Жәрдем» әлеуметтік қызмет көрсету орталығын аралады.

 Жаңа Оқушылар сарайы 750 орынға арналған. Аумағы 12 мың шаршы метрден асатын нысанда үйірмелер мен секцияларға арналған кабинеттер, акт залы, ұзындығы 25 метр, алты жолақты бассейн және балалардың жан-жақты дамуына арналған басқа да кеңістіктер қарастырылған.

Бүгінгі таңда нысанның дайындық деңгейі 98%-ды құрайды. Негізгі құрылыс- монтаж жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта ішкі және сыртқы инженерлік желілер, технологиялық жабдықтарды орнату және аумақтарды абаттандыру бойынша жекелеген жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды 30 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар депутаттар жаңа «Жәрдем» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Мекеме 18 жастан асқан, әрекетке қабілетсіз деп танылған, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Орталық 200 орынға есептелген, қазіргі уақытта мұнда 89 адам тұрады. Мекемеде 135 маман жұмыс істейді. Қызмет алушылардың тұруына, әлеуметтік бейімделуіне және оңалуына қажетті жағдайлар жасалған. Сондай-ақ олардың өз бетінше өмір сүру дағдыларын және әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.