Елорда емханаларын дамыту мәселелері
Кезекті сессияға дайындық аясында елордалық мәслихат депутаттары № 13 және № 9 қалалық емханаларға барды.
Депутаттар медициналық мекемелердің жұмысымен, қазіргі жағдайымен және қажеттіліктерімен танысты. Тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігіне тікелей әсер ететін мәселелерге ерекше назар аударылды.
Өзекті мәселелердің бірі – орын тапшылығы. Халық санының өсуіне байланысты емханаларға түсетін жүктеме де артып келеді. Осыған байланысты ғимараттарды кеңейту және медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін уақытылы шешу маңызды.
№9 емханада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Депутаттар жұмыстардың барысымен танысып, жөндеу аяқталғаннан кейін мекеме жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ емханалардың инфрақұрылымы, кіреберіс жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының жағдайы қаралды.
Сапар қорытындысы бойынша депутаттар проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды тіркеп, оларды кезекті сессияға дайындық барысында қарауға алды.