Мәслихатта көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды
Астана қаласының мәслихатында Владислав Сергеевтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырысты аша отырып, комиссия төрағасы депутаттардың көлік инфрақұрылымы объектілеріне көшпелі сапары барысында автомобиль жолдарының сапасын арттыруда оң динамиканы байқағанын атап өтті. Сонымен бірге әрі қарай пысықтауды талап ететін бірқатар мәселелер қалып отыр.
Талқылауды қажет ететін келелі мәселелерді ішінде көлік ағындарын басқару, жол қозғалысы қағидаларының бұзушылықтарын тіркеп алу жүйесін ұйымдастыру, автомобиль жолдарын салу және жөндеу сапасы, көлік тұрағы кеңістігін құру және дамыту мәселелері болды.
Басты баяндамамен Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин сөз алды. Ол астанада көлік ағындарын басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Депутаттарға автомобиль жолдарын, құрылысы басталып қойған, жалғасып жатқан немесе ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған объектілерді салу жобалары туралы ақпарат ұсынылды.
ШЖҚ «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ң қызметі және оның негізгі міндеттері туралы кәсіпорын директоры Қайрат Каребаев әңгімелеп берді. Ол депутаттарды автомобиль жолдарын салу, оларды жөндеу және күтіп-ұстау сапасын бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті.
«Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» ЖШС директоры Дәурен Сабитов құқық бұзушылықтарды тіркеп алу жүйесінің жұмысы және тұрақ кеңістігін дамыту туралы ақпаратты ұсынды. Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың басты міндеттері көлік құралдарын тұраққа қоюды ретке келтіру, көші-жол желісінің өткізгіштік қабілетін арттыру, жол қоғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астана тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы жағдай жасау, сондай-ақ коммуналдық тұрақ орындарының санын көбейту болып табылады.
Талқылау барысында депутаттар орындалған жұмыстар көлемінің айтарлықтай екендігін айтып өтті, алайда бірқатар шешілмеген мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, Абайдың 150-жылдығы көшесін салу және әрі қарай жалғастыру мәселелері, сондай-ақ күрделі құрылыс жүргізу және Көктал көшесін мүмкін кеңейту қажеттігі көтерілді.
Орындалған жол жұмыстарының сапасын бақылау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Депутаттар Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жөндеу аяқталғаннан кейін көшелердің жай-күйіне мониторинг жүргізіп не жүргізбей жатқанын, және мұндай жұмыстың сапасы туралы сұрады. Астананың жолдары сапаның жоғары талаптарына сай болу керектігі баса айтылды, сондықтан бақылау пайдаланудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылу керек.
Талқылау қорытындылары бойынша екі аптаның ішінде 2024-2025 жылдары жөндеуден өткен жолдарға тексеру жүргізу, ағымдағы айдың үшінші декадасында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен тексеру, бес жылдық кепілдік міндеттемелерді сақтау нәтижелері, орындалған жұмыстардың сапасы және жол инфрақұрылымын әрі қарай цифрландыру мәселесі қаралатын кеңейтілген отырыс өткізу ұсынылды.
Мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден тікенекті шиналарды пайдаланудың жол жабынына әсер ету мәселесін көтерді. Ол аталған шиналардың жолдардың тозуына әсерінің қаншалықты елеулі екенін, тікенекті шиналарды қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу қажеттігі бар не жоқтығы және осы мәселені шешу үшін қандай шаралар қаралып жатқаны туралы сұрады.
Отырыс қорытындылары бойынша бейінді мемлекеттік органдар мен ведомствоға бағынышты ұйымдарға көлік инфрақұрылымын әрі қарай жетілдіру, жол жұмыстарының сапасын арттыру, кепілдік міндеттемелердің сақталуына бақылауды күшейту және астанадағы жол қоғалысын басқарудың заманауи жүйесін дамыту бойынша ұсынымдар берілді.