Мәслих депутататы Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссииның отырысына дайындық аясында жол құрылысы нысандарын арлады
Көшпелі отырыс барысында депутаттар бірқатар махызды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
№38 көшесінің құрылысы Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі ускеде жүргізілуде. Жоба Тәуелсіздік және Әл-Фараби көшелерін әуежайға апаратына трассаға (Қабанбай батыр даңғылына) дейін жалғастыруды көздейді. Жаңа жол пайдалануға берілгеннен кейін Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарындағы көлік жүктемесі айтарлықтай төмендейді. Қазіргі уақытта инженер желалерді, жол жабынн, сыртқы жарықтандыруды және өзге де коммуникацияларды салу жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін жолдың бір бахыты бойынша қозғалысты ашу жоспарланып отыр.
Қ. Мұхамедханов көшесінің Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі ускесіндегі құрылыс. Инженерлик желілерді тарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жол жабынының жоғарғы қбатын төсеу жұмыстары жалғасуда.
Угловая, №12, №14 және Бейсекова көшелері арқылы өтетін магистральдық автожолдың Сығанақ көшесінен №27 көшеге дейінгі учаскесінің құрылысы. Нысанда жол негізін салу және асфальт төсеу бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта аумақты абаттандыру, сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату, кірме жолдар мен автотұрақ қалталарын жасау, сондай-ақ жол жабынының жоғарғы қбатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.