Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Мәслихат отырысында елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Елордалық мәслихатта Табиғат Зейнұлқабденнің төрағалығымен «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ қызметінің қорытындылары, проблемалық мәселелер және елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспарлары туралы» сұрақ қаралды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнұр Төлеуова баяндама жасап, сала жұмысының негізгі қорытындылары, денсаулық сақтау жүйесінің ағымдағы жағдайы, іске асырылып жатқан жобалар және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы ақпарат берді. Сөз сөйлеу басында ол қаланың медициналық ұйымдарының жұмыс істеп тұрған желісі туралы мәліметтерді ұсынды. Қазіргі уақытта 13 мемлекеттік МСАК, 26 – жеке, 2 – ведомстволық және 30 ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Басқарма басшысы депутаттарға бюджеттің атқарылуы, халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынды.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жоспарларды іске асыру шеңберінде жаңа емханалар салу, ағымдағы жылы және келесі үш жылда денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту және оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру жұмыстары жалғасады.

Отырыс барысында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының елорданың денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстары қаралды. Қаланың денсаулық сақтау жүйесі алдында тұрған негізгі проблемалық мәселелер белгіленді.

Депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, атап айтқанда, «Сарыарқа» ауданында аурухана салу перспективалары, «Көктал 1» шағын ауданында мемлекеттік емхана ашу қажеттілігі, сондай-ақ «Кирпичный» тұрғын алабы тұрғындарының қалалық емханаларда бекіту және қызмет көрсету мәселелері бойынша өтініштері қаралды.

№5 емхана базасында пилоттық жобаны іске асырудың оң нәтижелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ одан әрі жұмысты іске асыру кезінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескеруді ұсынды.