Құрметті су шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн мен үшін орны ерекше. Себебі еңбек жолымның 15 жылын су шаруашылығы саласына арнадым. Сондықтан сіздердің күн сайынғы еңбектеріңіздің қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін жақсы білемін. Бұл сала жоғары кәсібилікті, зор жауапкершілікті, жанқиярлықты және өз ісіне адалдықты талап етеді.
Су – тіршілік көзі. Ал су шаруашылығы жүйесінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етіп жүрген сіздер елордамыз бен тұтас еліміздің тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Сіздерге адал еңбектеріңіз бен өз ісіңізге деген берік ұстанымдарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір, жаңа кәсіби жетістіктер мен еңбектеріңіздің лайықты бағалануын тілеймін. Әр шаңыраққа құт-береке, отбасыларыңызға бақ-береке мен ырыс тілеймін!
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден