Конституциялық нормаларды түсіндірудің құқықтық маңызы
Конституциялық Соттың шешімі құқықтық айқындықты қамтамасыз ету және жаңартылған Конституцияның ережелерін біркелкі қолдану тұрғысынан ерекше маңызға ие.
Негізгі Заңның жаңа редакциясы қабылданғаннан кейін оның нормаларын іс жүзінде қолдану тәртібіне қатысты сұрақтардың туындауы – заңды құбылыс. Конституциялық-құқықтық ресми түсіндіру ықтимал әртүрлі түсіндірулерді болдырмауға, Конституция нормаларын бірыңғай түсінуді қамтамасыз етуге және Конституцияның үстемдігі қағидатын нығайтуға бағытталған.
Айта кету қажет, түсіндіру тек президенттік институтқа ғана емес, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік лауазымды тұлғаларды тағайындау және сайлау тәртібіне де қатысты. Сонымен бірге Конституциялық Соттың бұл шешімі қандай да бір тұлғаны автоматты түрде тағайындауды немесе сайлауды білдірмейді, тек тиісті конституциялық нормаларды қолданудың құқықтық тәртібін айқындайды.
Конституцияны дәйекті әрі біркелкі қолдану құқықтық тұрақтылықты, мемлекеттік басқарудың болжамдылығын қамтамасыз етудің және конституциялық институттарды одан әрі дамытудың негізгі шарты болып табылады.