Елорда күні қарсаңында «Сарайшық» ауданының қызметкерлері мен белсенді тұрғындары марапатталды
Марапат иелерінің әрқайсысы аудан мен елордамыздың дамуына өзіндік үлес қосып келеді. Осындай жандардың еңбегінің арқасында жаңа жобалар жүзеге асып, аулалар абаттандырылып, әлеуметтік инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктер дамып келеді.
«Сарайшық» – елорданың ең жас әрі қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі. Оның басты байлығы – кәсібіне адал, жауапкершілігі жоғары тұрғындары. Осындай азаматтардың арқасында Астана күн сайын көркейіп, тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи қалаға айналуда.