Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтті
Отырыс барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің одан әрі дамуындағы негізгі бағыттарды айқындады.
Президент өз сөзінде жаңартылған Конституцияның күшіне енуі Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің бастауын білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ алдағы саяси және экономикалық реформаларға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, цифрландыруды дамытуға, инвестициялар тартуға және азаматтардың мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы Сенат пен Мәжіліс депутаттарына атқарған жұмыстары және жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Парламенттің осы шақырылымының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты ертеңнен бастап еліміздің саяси дамуындағы жаңа кезең басталады. Бұл жұмыс жаңа құрамдағы өкілді орган жасақталғаннан кейін өз жалғасын табады.
Президент айқындаған басым бағыттар Қазақстанның тұрақты дамуына, мемлекеттік институттардың нығаюына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға берік негіз болады.