Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті
Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті
Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті
Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті
Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті
Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті
Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті
Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабденнің төрағалығымен Астана қаласы мәслихатының 56-сессиясы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес депутаттар стратегиялық жоспарлау, бюджеттік саясат, экология, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және мәслихаттың ұйымдастырушылық қызметіне қатысты мәселелерді қарады.

Бірінші мәселе бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов Астана қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі жөніндегі жергілікті атқарушы органның есебін ұсынды. Қосымша баяндамамен Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Мадина Әжікенова сөз сөйлеп, аталған мәселе бойынша профильдік комиссияның қорытындысын таныстырды.

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметі туралы есеппен комиссия төрағасы Кендебай Адамбек баяндама жасады.

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Даулет Доскулов Астана қаласының аумағында жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге байланысты қоршаған ортаға теріс әсер еткені және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін реттейтін мәслихаттың жекелеген шешімдерінің күшін жою туралы шешімдердің жобаларын ұсынды.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнұр Төлеуова амбулаториялық емдеу кезінде Астана қаласында тіркелген азаматтардың жекелеген санаттарына тегін көрсетілетін кепілдік берілген медициналық көмектің қосымша көлемін ұсыну туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде баяндады.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ерлан Жүсіпов Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тізбесін айқындау қағидаларына, сондай-ақ қалалық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның және қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ жазасын өтеп шыққан адамдарды әлеуметтік және өзге де қолдау жөніндегі Астана қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның құрамына өзгерістер енгізу туралы шешімдердің жобаларын таныстырды.

Мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден қалалық мәслихаттың алдыңғы сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп, кезекті сессияның қарауына енгізілетін негізгі мәселені депутаттардың назарына ұсынды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олардың қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Отырысты қорытындылай келе, Табиғат Зейнұлқабден қабылданған шешімдер елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қалалық инфрақұрылымды жетілдіруге және Астана тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.