Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Бюджет, Бас жоспар және қала инфрақұрылымы мәселелері бойынша кезектен тыс сессия

Табиғат Зейнұлқабденнің төрағалығымен Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібіне бюджет саясатын іске асырумен, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытумен, сондай-ақ жер қатынастары, тілдерді дамыту және қаланы абаттандыру саласындағы өзекті міндеттерді шешумен байланысты мәселелер кіргізілді.

Депутаттар жекелеген бюджеттік көрсеткіштерді нақтылауды және қаражаттарды басым бағыттар бойынша қайта бөлуді көздейтін 2026-2028 жылдарға арналған қала бюджеті туралы шешімге өзгертулерді қарастырды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева ӘОХТ санаты үшін бұрын сатып алынған пәтерлер бойынша әлеуметтік міндеттемелерлі орындауға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, жан басына шаққанда қаржыландыру бойынша балаларды қамтуды кеңейтуге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге, сондай-ақ қаланы абаттандыру бойынша жобаларды іске асыруға қосымша шығындардың көбейгені туралы хабар жеткізді.

Қаланың жекелеген құрамдас бөліктеріне және ЖРК объектісіне атау беру мәселелері бойынша тілдерді дамыту және мұрағат ісі жөніндегі басқарма басшысының м.а. Исабек Досжан сөз сөйледі. Келесі атауларды беру ұсынылды: жобада Е754 деп белгіленген көшеге — «София»; Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының арасында орналасқан атаусыз көшеге — «Марко Поло», сондай-ақ Астана қаласының ЖРК желісіне — «Тарлан – Астана».

Сондай-ақ аумақтық даму, инфрақұрылым объектілерін орналастыру және тұрғын-үй құрылысы перспективаларын анықтайтын қаланың 2035 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасын мақұлдау туралы мәселе қаралды.

Депутаттар мемлекеттік қажеттіліктерге арналған жер телімдерін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын мақұлдады және Астана қаласының 2030 жылға дейінгі Тұрғын үй қорын қайта жаңарту бағдарламасын бекітті. Мәслихат шешіміне өзгертулерді енгізу қажеттігіне Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңдарға енгізілген өзгертулер себепші болды.

Сессияның қарауына шығарылған барлық мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары және депутаттардың, атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер және өзге мүдделі ұйымдар өкілдерінің өатысуымен бірлескен кеңестер шеңберінде егжей-тегжейлі пысықталғанын айта кету керек. Жұмыстың мұнда         форматы ұсынылған материалдарды жан-жақты қарауға, мазмұнды талқылау жүргізуге, келіп түскен ұсыныстарды ескеруге және әр мәселе бойынша келісілген тәсілдемелерді жасап шығаруға мүмкіндік берді.

Талқылау қорытындылары бойынша депутаттар күн тәртібінің мәселелері бойынша тиісті шешімдерді қабылдады.