Тұрақты комиссия мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын қарады
Азамат Айтхожиннің төрағалығымен заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыста мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы мәселе қаралды.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ануар Саипов баяндама жасап, жер учаскелерін алып қою негіздері туралы, сондай-ақ құқық иелерімен тиісті шарттар жасау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат берді.
Депутаттар маңызды қалалық инфрақұрылымдық объектілерді іске асыруға байланысты шарттардың жобаларын, соның ішінде: Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов көшелерінің квадратында орналасқан көше; Астана қаласының Н.Назарбаев халықаралық әуежайынан «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейінгі ЛРТ жаңа көлік жүйесі, Т.Бигелдинов, 9 көшесіндегі автотұрақ құрылысын қарастырды.
Талқылау барысында депутаттар меншік иелерінің құқықтарын сақтауға, алып қою рәсімдерін іске асыру мерзімдеріне және процестің ашықтығын қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар қойды.
Комиссия төрағасы тұрақты комиссияның отырысына онлайн режимінде қатысуға шақырылған жер учаскелерінің меншік иелерімен кездесу өткізді.
Мәселені қарау нәтижелері бойынша тұрақты комиссия жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты оларды иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына шығаруды ұсынуға шешім қабылдады.