Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерудің салтанатты рәсіміне қатысты
Бұл игі дәстүр 2008 жылдан бері өткізіліп келеді және Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің ажырамас бөлігіне айналды. Елорда тұрғындары мен қонақтарының көпшілігі айтулы оқиғаның куәсі болды — 111 метр биіктікке ауданы 450 шаршы метр болатын еліміздің ең үлкен Мемлекеттік Туы көтерілді.
Рәсімнің ерекше сәті Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік погондарды табыстау болды. Жас лейтенанттар алғашқы офицерлік атақтарын Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алды.
Мемлекеттік рәміздер бізді ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырады, еліміздің бай тарихын және оның болашағы үшін жауапкершілігімізді еске салады.