Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Депутаттар қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Депутаттар қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Депутаттар қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Депутаттар қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Депутаттар қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Депутаттар қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Депутат күні аясында полиция департаменті ғимаратының қабырғасында көшпелі отырыс өтті, онда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Әділбеков баяндама жасап, депутаттарды соңғы үш жылдағы қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендеу үрдісі туралы хабардар етті. Оның айтуынша, оң динамиканы сақтау үшін профилактикалық жұмыс күшейтілді, сондай-ақ қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылданады.

Құқық қорғау органдары жүйесін цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бастықтың орынбасары полиция жұмысында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, жоғары технологиялық жабдықтар мен роботты құрылғыларды пайдалану туралы айтты. Бұдан басқа, азаматтармен өзара іс-қимылдың жеделдігін және халыққа ақпараттық қолдау көрсетудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ЖИ-консультант әзірленуде.

Талқылау барысында депутаттар қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, мүліктің, қоғамдық кеңістіктер мен абаттандыру объектілерінің, стихиялық полигондардың қасақана бүліну фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі шаралар талқыланды. Депутаттар вандализм актілері үшін бақылау мен жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өтті, өйткені мұндай жағдайлар халық тарапынан көптеген өтініштердің келіп түсуіне себеп болды.

Жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды. Апаттылықты азайту, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту және жол қозғалысына қатысушылар арасында тәртіпті арттыру шаралары қаралды. Самокатшылар мен велосипедшілердің қозғалысы саласында тәртіп орнату қажеттілігі туралы мәселе көтерілді. Депутаттар тұрғындардың қозғалыс ережелерін бұзуға, тротуарларда жүруге және жаяу жүргіншілер үшін қауіпті жағдайлар туғызуға байланысты көптеген шағымдарына назар аударды.

Сонымен қатар, ойын-сауық мекемелерінің жанында тұратын тұрғындардың көптеген шағымдарына қатысты сұрақтар қойылды. Қала тұрғындары түнде тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзуға шағымданады. Осыған байланысты депутаттар мұндай мекемелерге қандай ықпал ету шаралары қолданылатынын және осы мәселелерді шешу үшін полицияның уәкілетті органдармен өзара іс-қимылы қалай ұйымдастырылатыны туралы сұрады.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіру және заманауи технологияларды енгізу маңызын атап өтті.