Парламент Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Құжат Астананың еліміздің саяси, әкімшілік және экономикалық орталығы ретіндегі айрықша рөлін нығайтуға бағытталған. Заң жобасында қалалық инфрақұрылымды тиімді басқару мүмкіндіктерін кеңейту, көлік жүйесін дамыту, абаттандыру, экология мәселелері және елорданың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру көзделген.
Сондай-ақ жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға, туристік әлеуетті дамытуға, жол қозғалысын жетілдіруге және қаланың орман-парк аймағын сақтауға ерекше назар аударылған.
Заңның қабылдануы елорданың тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болмақ.