Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

«Сәндік ағаш-бұта тәлімбағы» жобасының презентациясы өткізілді

Мәслихат алаңында депутаттардың, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ «Астана Зеленстрой», «Астана Орманы» бейіндік қала ұйымдарының, Урбанистика орталығының және сараптама қоғамдастығының қатысуымен  «Сәндік ағаш-бұта тәлімбағы» жобасының презентациясы өтті.

Талқылау барысында депутаттар тәлімбақ құру тұжырымдамасын және жас көшеттердің есебін жүргізуді цифрландыру мәселелерін қарады. Бағдарламаны пысықтау: қайта отырғызылған өсімдіктерді жеке тіркеуді және таңбалауды қарастыру, сондай-ақ отырғызылған жылы мен ағымдағы жай-күйін тіркей отырып, алғашқы үш жыл бойы көшеттерге мониторинг жүргізу ұсынылды. Жерсіну көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлінді: қазіргі норматив 59 % құрайтынын ескергенде, депутаттар тиісті күтім жасалған жағдайда есепке алу жүйесінде көрсете отырып, оны жоғарылатуға мүмкіндік бар деп есептейді.

Сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізу мәселелері, оған қоса түгендеу үшін LiDAR қолдану мәселесі қаралды. Нәтижелерді city-менеджмент жүйесінде ағымдағы жылдың күз мезгілінде көрсету және жинақталған тәжірибені алдағы уақытта астана аудандарының бірінде пилоттық енгізуді жүзеге асыра отырып, өңірлерге тарату туралы талқыланды. Қалалық цифрландыру басқармасының қорытындысын алу және жүйені бірыңғай қалалық цифрлық инфрақұрылымға интеграциялау қажеттігі баса айтылды.