Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Мәслихат депутаттары елорданың спорт нысандарын аралады

Елорда мәслихатының депутаттары спорт нысандарындағы инфрақұрылым мен спорттық инвентарьдың жай-күйін бағалау мақсатында көшпелі кеңес өткізді.

Аралау барысында Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасы, «Толқын» спорт кешені және №8 СДЮСШ қаралды. Нысандардың жағдайына, жабдықтардың сапасына және спортпен айналысуға жасалған жағдайларға ерекше назар аударылды.

Тексеру барысында жедел шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер анықталды. Атап айтқанда, жабдықтардың тозуы, инвентарьды жаңарту қажеттілігі, сондай-ақ күмбезді конструкциялар мен газон жабынының жағдайы. Сонымен қатар, нысандардың тұрғындар үшін қолжетімділігі, спорт алаңдарын тиімді пайдалану және олардың жүктемесін арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша бейінді басқармаларға анықталған кемшіліктерді кезең-кезеңімен жоюға бағытталған тиісті тапсырмалар беріледі. Бұл бағыттағы жұмыстар депутаттық бақылауда болады.

Спортпен айналысуға арналған қауіпсіз, заманауи және қолжетімді жағдайлар жасау, әсіресе балалар мен жастар үшін, қызметтің басым бағыттарының бірі болып қала береді.