Астанада мемлекет басшыларының қатысуымен экологиялық саммит өтуде
Астанада Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Тәжікстан және Моңғолия мемлекеттері басшыларының, сондай-ақ Әзербайжан Премьер-министрінің қатысуымен Өңірлік экологиялық саммит – 2026 басталды.
Іс-шара өңірдің негізгі климаттық және экологиялық мәселелерін шешу бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеуге арналған алаңға айналады. Негізгі назар климаттық трансформацияға, табиғи қауіптерге бейімделуге, азық-түлік қауіпсіздігіне, экожүйелерді сақтауға, ресурстарды ұтымды басқаруға және «жасыл» экономиканы дамытуға аударылады.
Саммитке мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес өкілдерінің, ғылыми қауымдастық пен азаматтық қоғамның өкілдері қатысуда. Шамамен 1500 делегаттың қатысуы күтілуде.
Бағдарлама аясында RES 2026 EXPO көрмесі де өтуде, онда заманауи экологиялық технологиялар мен инвестициялық шешімдер ұсынылған.