Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Жер учаскелерін иеліктен шығару мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Қалалық мәслихатта заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және өзге де мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы мәселе қаралды.

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының м.а. Бейсен Үсенов маңызды қалалық инфрақұрылымдық объектілерді іске асыруға байланысты шарттардың жобаларын ұсынды, атап айтқанда, Қорғалжын тас жолы ауданында жылумен жабдықтаудың магистральдық желілерін; Тілендиев даңғылынан Конституция көшесіне дейінгі учаске (Ш. Бейсекова көшесі) V-учаске кіші айналма жолын; А. Тоқпанов көшесі ауданындағы жаңа мектепті салу; А. Жұбанов және Ж. Тархан көшелерінің қиылысы ауданындағы аумақты; № 43 ғимарат ауданындағы Қабанбай батыр даңғылы бойындағы саябақты абаттандыру.

Тұрақты комиссияның төрағасы Азамат Айтхожин отырыс барысында жер учаскелерінің меншік иелерімен онлайн режимде кездесу өткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссия мүшелері шарттардың жобаларын мақұлдады және бұл мәселені мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына шығаруды ұсынды.