Астана қаласы мәслихаты делегациясының Мәскеу қаласына сапары
Астаналық мәслихат делегациясы оның төрағасы Табиғат Зейнұлқабденнің жетекшілігімен Мәскеу қалалық Думасындағы әріптестерінің шақыруы бойынша ТМД-2026 халықаралық экономикалық форумының жұмысына қатысты.
Сапар шеңберінде Мәскеу қалалық Думасының Төрағасы Алексей Шапошниковпен және депутаттық корпуспен кездесу өтті. Тараптар білім беру жүйесі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне ерекше көңіл бөле отырып, екі астананың әлеуметтік дамуының өзекті мәселелерін талқылады.
ХШЖК аумағында делегация қалалық инфрақұрылымды басқарудың, оған қоса компуналдық қызметтерді орталықтандырылған үйлестірудің заманауи жүйелерімен танысты. Сондай-ақ Мәскеу қаласының тұрғындарының арасында сұранысқа ие отандық тауарлар мен азық-түліктер ұсынылған қазақстандық павильонды аралап шықты.
Бағдарламаның жеке тармағы Мәскеу метрополитенінің Бірыңғай диспетчерлік орталығына сапарға арналды. Бұл жерде көлік жүйесінің тұрақты жұмысын және штаттан тыс жағдайларға орай жедел әрекет етуді қамтамасыз ететін цифрлық шешімдер көрсетілді.
Басты іс-шаралардың ішінде - № 220 қалалық емханаға сапар да бар. Қатысушылар бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру және денсаулық сақтау жүйесінде цифрлық сервистерді енгізу барысымен танысты.
БРИКС елдері астаналарының Парламенттік қозғалысына Астана қаласын қосу туралы мәлімдемеге қол қойылуы Сапардың маңызды қорытындысы ретінде орын алды. Бұл халықаралық ынтымақтастық, астаналар арасындағы диалогтың нығаюы және ең үздік басқарушылық тәжірибелермен алмасу үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашады.
Сапардың соңында делегация Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаевпен кездесуге қатысты және 20 жыл бұрын салтанатты түрде ашылған Чистые пруды бульварындағы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Жалпы алғанда, бұл сапар стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растап, астанааралық өзара әрекеттестікті дамытудағы маңызды қадамға айналды.