Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі көпшілік тыңдаулар

Ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі көпшілік тыңдаулар
Ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі көпшілік тыңдаулар
Ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі көпшілік тыңдаулар
Ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі көпшілік тыңдаулар
Ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі көпшілік тыңдаулар
Ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі көпшілік тыңдаулар

Астана қаласының мәслихатында «Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі ішкі саясат басқармасының қызметі және халықты мемлекеттік органдар мен қызметтердің жұмысы туралы ақпараттандыру тиімділігі туралы» тақырыбында көпшілік тыңдаулар өтті.

Отырыс барысында ішкі саясат басқармасы, «Елорда ақпарат» ЖШС, «Қаланың коммуникациялар қызметі» КММ басшылары сөз сөйледі.

Ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. Мирас Абдрахман есепті кезеңде бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

«Елорда ақпарат» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек мемлекеттік органдар мен қалалық қызметтердің қызметін жариялауға бағытталған ақпараттық жобалардың іске асырылуы туралы айтты. Баяндамада мемлекеттік органдардың қызметін жариялауға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған тақырыптық бағдарламаларды, жарияланымдар мен ақпараттық науқандарды шығару бойынша нәтижелер көрсетілді.

Аудиторияның назарын аударудағы көрнекі және мультимедиялық мазмұнның рөлі, сондай-ақ цифрлық платформаларды одан әрі дамыту қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Өз кезегінде, «Қаланың коммуникациялар қызметі» КММ директоры Абзал Досыман халықпен кері байланыс орнату шаралары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен әлеуметтік желілер, мессенджерлер және тікелей эфир форматтары белсенді қолданылады. Азаматтарды жедел ақпараттандыру және түсіндіру материалдарын орналастыру жұмыстары ерекше атап өтілді.

Талқылау барысында депутаттар мемлекеттік бастамалар мен бағдарламаларды сапалы ақпараттық сүйемелдеу маңызын атады. Жаңартылған Конституцияның ережелерін және салық заңнамасындағы өзгерістерді қоса алғанда, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ, қалалық өзекті мәселелерді, оның ішінде тұрақ кеңістігін ұйымдастыру, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және басқа да маңызды мәселелерді анағұрлым белсенді қамту талап етілетіні туралы айтылды. Осыған байланысты депутаттар медиа орта өкілдеріне қоғамдық күн тәртібін қалыптастыруға қатысуды күшейту туралы ұсыныспен жүгінді.

Елеулі материалдық-техникалық базаға ие бола тұра, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік маңызы бар мәселелерді және тұтастай алғанда, қала өмірін анағұрлым белсенді және жан-жақты жариялау үшін әлеуеті бар екендігі ерекше атап өтілді.

Көпшілік тыңдаулардың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын одан әрі арттыруға, халықты ақпараттандыру тетіктерін жетілдіруге және азаматтармен өзара іс-қимылдың заманауи цифрлық құралдарды дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.