«ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
«ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның іске асырылуы талқыланды.
Негізгі басымдық — саланы басқарудың негізі ретінде цифрландыру: сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз етуден бастап, Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасын құруға дейін.
Сумен жабдықтау, су бұру, жылу және электрмен қамту жүйелерін дамыту мәселелері, сондай-ақ жобаларды келісу барысындағы түйткілдер қаралды. Отандық өндірушілерді қолдауға және өндірісті жергіліктендіруді кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Бірқатар өңірлердегі кәсіпорындарға мониторинг жүргізілді. Негізгі міндет — үйлестіруді күшейту және ТКШ жобаларында қазақстандық өнімді тиімді қолдануды қамтамасыз ету.