Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы онлайн форматта өтті

Онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің «Жаңа Конституция — ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбындағы отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың қатысуымен өтті.

Кездесу барысында жаңартылған Конституцияның мемлекеттік тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және елдің орнықты дамуына жағдай жасауға бағытталған негізгі өзгерістері мен артықшылықтары талқыланды. Жүргізіліп жатқан реформаларды тиімді іске асыру мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен Парламент арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.